Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Мүгедектердің әлеуметтік қорғауы туралы МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ



Жұмыс берушінің назарына!


Құрметті жұмыс беруші!

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Халықты   жұмыспен   қамту   мәселесіне   жұмыс   берушілердің   қатысуы» көзделген 9-бабына сәйкес Сізге:
1.     Бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап, үш жұмыс күн ішінде бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) жайлы толық ақпаратты міндетті түрде беріп отыру;
2.     Берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде хабарлау;
3.     Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына берілген квотаны орындау;
4.     Қылмыстық- атқару инспекциясы бейімдеу қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
5.     Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
6.      Екі айдан кем емес мерзімде ұйымның таратылуына, штаттың немесе жұмысшы санының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылатындардың лауазымдарын, мамандықтарын, біліктіліктері мен жалақы мөлшерін көрсете отырып, қысқартылатын жұмысшылардың саны мен санаты, босатылатын мерзімі туралы толық көлемде ақпарат беру қажет.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3  наурыздағы № 60 бұйрығына сәйкес, әр айдың 3 күні, Сіз жасырын жұмыссыздық туралы (қысқартылған және толымсыз жұмыстағы жұмысшылар, жалақы бойынша қарыздар туралы) мәлімет беруіңіз қажет.

Заңбұзушылық орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасынын "Әкімшілік кұкық бұзушылык туралы» Кодексінің "Халықты еңбекпен қамту заңнамасын бұзушылыққа" көзделген 94-бабына сәйкес, сегізден он айлықтық есептік көрсеткіш денгейінде айыппұл салынады.

Жоғарыда айтылған мәліметтерге байланысты, 3 ықшамаудан, 41 «В» үй мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, 206 каб. , тел./факс 276-50-56, 276-09-58, бос жұмыс орны бар-жоқтығы туралы уақытында толық көлемде ақпарат берулеріңізді сұраймыз.