Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Мүгедектердің әлеуметтік қорғауы туралы МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ



Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция




76-шы жалпы отырыс,
2006 жылғы 13 желтоқсан

I қосымша

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция

Кіріспе

Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
a) Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған адам отбасының барлық мүшелеріне тән қадір-қасиеті мен құндылығы және олардың тең әрі ажырамас құқықтары бостандықтың, әділдіктің және жалпыға бірдей татулықтың негізі ретінде танылатын принциптерді еске сала отырып,
b) Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілерде әрбір адам қандай да болмасын айырмашылықсыз оларда көрсетілген құқықтар мен бостандықтарға ие деп жариялағанын және бекіткенін тани отырып,
c) адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарының жалпыға бірдейлігін, бөлінбестігін, өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығын растай отырып,
d) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге, Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияға, Әйелдерге қатысты кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға, Баланың құқықтары туралы конвенцияға және Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға сілтеме жасай отырып,
e) мүгедектік – бұл эволюцияланатын ұғым екенін, мүгедектіктің денсаулығы бұзылған адамдар мен қоғам өміріне басқалармен бірдей толық әрі тиімді қатысуына кедергі жасайтын қарым-қатынастық және ортаның барьерлері арасындағы өзара іс-қимылдың нәтижесі болып табылатынын тани отырып,
f)  мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы мен мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелеріндегі принциптер мен басқару бағдарларының мүгедектерге тең мүмкіндіктерді әрі қарай қамтамасыз етуге арналған ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлердегі стратегияларды, жоспарларды, бағдарламалар мен іс-шараларды көтермелеуге, тұжырымдауға және бағалауға ықпал ету көзқарасы тұрғысынан маңыздылығын тани отырып,
g) мүгедектік проблемаларын өзекті етудің тұрақты дамудың тиісті стратегиясының құрамдас бөлігі ретіндегі маңыздылығын атап көрсете отырып,
h) сондай-ақ, кез келген адамға қатысты мүгедектік белгісі бойынша кемсіту адамның жеке басына тән қадір-қасиеті мен құндылықтарын кемсіту болып табылатынын да тани отырып
iәрі қарай мүгедектердің алуан түрлілігін тани отырып,
j) барлық мүгедектердің, оның ішінде неғұрлым белсенді қолдауға мұқтаж мүгедектердің адам құқықтарын көтермелеу мен қорғаудың қажеттігін тани отырып,
k) осы әртүрлі құжаттар мен бастамаларға қарамастан, мүгедектердің қоғам өміріне тең құқылы мүше ретінде қатысу жолында кедергілерге және әлемнің барлық түкпірлерінде адам құқықтарының бұзылуына тап келіп жататынына алаңдай отырып,
l) әрбір елде, әсіресе дамушы елдерде мүгедектер өмірінің жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып,
m) мүгедектердің өздерінің жалпы әл-ауқатына және жергілікті қауымдастықтардың әр алуандығына қосып отырған қазіргі құнды және әлеуетті үлесін және мүгедектердің өздерінің адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық іске асыруға, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды қатысуына жағдай жасаудың олардың өздерінің қатысы бар екенін сезінуін нығайтуға және қоғамның адамгершілікті, әлеуметтік және экономикалық дамуы мен кедейлікті жоюда айтарлықтай табысқа жетуіне мүмкіндік беретінін мойындай отырып,
n) мүгедектер үшін жеке дербестігі мен өз таңдауын өзі жасау еркіндігін қоса алғанда,  олардың тәуелсіздігінің маңызды екенін тани отырып,
o) мүгедектердің стратегиялар мен бағдарламаларға қатысты, соның ішінде өздеріне тікелей қатысты шешімдер қабылдау процестеріне белсенді тартылу мүмкіндіктері болуға тиіс деп есептей отырып,
p) мүгедектердің бетпе-бет кеп жататын нәсілдік белгісі, терісінің түсі, жынысы, тілі, діні, саяси және өзге де көзқарастары, ұлттық, этностық, аборигендік немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, тууы, жасы немесе басқа да жағдайлары бойынша көп жағдайда немесе шиеленіскен жағдайда кемсітілетін қиын жағдайларға алаңдай отырып,  
q) мүгедек әйелдер мен мүгедек қыздар үйде де, үйден тыс жерде де зорлықтың, жарақаттанудың немесе басынудың, немқұрайды немесе менсінбей қараудың, жаман қараудың немесе қанаудың үлкен қатеріне көп ұшырайтындарын мойындай отырып,
r) мүгедек балалардың басқа балалармен тең дәрежеде толық көлемде барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын пайдалануы тиіс екенін мойындап және осыған байланысты Бала құқықтары туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің өздеріне алған міндеттемелерін естеріне сала отырып,
s) мүгедектердің адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық іске асыруына жәрдемдесу жөніндегі барлық күш-жігерде гендерлік аспектіні ескеру қажеттігін атап көрсете отырып,
t) мүгедектердің көпшілігінің жоқшылық жағдайда өмір сүруі фактісін атап көрсете отырып және осыған байланысты жоқшылықтың мүгедекке теріс ықпал ету проблемасымен айналысудың аса қажеттілігін мойындай отырып,
u) Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жазылған мақсаттар мен принциптерді толық құрметтеуге және адам құқықтары саласында қолданылатын келісім-шарттарды сақтауға негізделген татулық пен қауіпсіздік жағдайы мүгедектерді толық қорғауға, оның ішінде қарулы қақтығыстар мен шетел басқыншылығы кезінде қорғауға арналған қажетті шарт болып табылатынын назарға ала отырып,
v) табиғи, әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаның, денсаулық сақтау мен білім берудің, сондай-ақ ақпарат пен байланыстың қолжетімділігінің маңыздылығын мойындай отырып, өйткені ол мүгедектерге барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді,
w) әрбір жеке адам басқа адамдарға және өзі мүшесі болып табылатын ұжымға қатысты міндеттемеге ие бола отырып, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық биллде танылатын құқықтарды көтермелеу мен сақтауға қол жеткізуге тиіс екенін назарға ала отырып,
x) отбасының қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып табылатынына және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы екеніне және мүгедектер мен олардың отбасы мүшелері қажетті қорғау мен отбасыларға мүгедектер құқықтарын толық және тең пайдалану ісіне үлес қосуға мүмкіндік беретін көмекті алуға тиіс екеніне сенімді бола отырып,  
y) мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиетін көтермелеу мен қорғау туралы жан-жақты және бірыңғай халықаралық конвенция мүгедектердің терең қолайсыз әлеуметтік жағдайын еңсерудегі және олардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірге дамыған елдерде де, дамушы елдерде де тең мүмкіндіктермен қатысуын кеңейтудегі маңызды үлесі болып табылатынына  сенімді бола отырыптөмендегілер туралы келісті:

1-бап
Мақсат

Осы Конвенцияның мақсаты барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеуде, қорғауда және қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеуден тұрады. Мүгедектерге әртүрлі кедергілермен өзара іс-қимыл кезінде оларға қоғам өміріне басқалармен тең дәрежеде толық және тиімді қатысуына кедергі жасайтын дене, психикалық, интеллектуалдық немесе сенсорлық  кемістігі бар адамдар жатады.

2-бап
Анықтамалар

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
«қарым-қатынас» тілдерді, мәтіндерді, Брайл әліпбиін, тактильді қарым-қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиалық құралдарды, баспа материалдарын, аудиоқұралдарды, кәдімгі тілді, оқып берушілерді, сондай-ақ күшейтуші және балама әдістерді, тәсілдерді және қолжетімді коммуникативтік технологияны қоса алғандағы қарым-қатынас форматтарын пайдалануды қамтиды;
«тіл» сөйлесу және ымдау тілдерін, сөйлемейтін тілдердің басқа да нысандарын қамтиды;
 «мүгедектік белгісі бойынша кемсіту» мақсаты немесе нәтижесі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез келген өзге саладағы барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқалармен тең дәрежеде тануды, жүзеге асыруды немесе іске асыруды төмендету немесе теріске шығару болып табылатын мүгедектігі бойынша кез келген бөлектеуді, есепке алмауды немесе шектеуді білдіреді. Ол кемсітудің барлық нысандарын, соның ішінде ақылға қонымды бейімдеуден бас тартуды қамтиды;
«ақылға қонымды бейімделу» нақты жағдайда қажет болғанда барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқалармен тең дәрежеде жүзеге асыруды қамтамасыз ету немесе іске асыру мақсатында мөлшерлес емес немесе ақталмаған салмақ болмайтындай  қажетті және сәйкес келетін модификациялар мен түзетулерді енгізуді білдіреді;
«әмбебап дизайн» барлық адамдар үшін бейімделудің немесе арнайы дизайнның қажеттілігінсіз пайдалануға барынша мүмкін дәрежеде жарамды етуге арналған заттардың, жағдайлардың, бағдарламалардың және көрсетілетін қызметтердің дизайнын білдіреді. «Әмбебап дизайн» қажет болған жерде мүгедектердің нақты тобына арналған ассистивті құрылғыны жоққа шығармайды.

3-бап
Жалпы принциптер

Осы Конвенцияның принциптері:
a) адамға тән қадір-қасиетті, оның өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу;
b) кемсітпеу;
c) қоғамға толық және тиімді тарту және қосу;
d) мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу және оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау;
e) мүмкіндіктер теңдігі;
f) қолжетімділік;
g) еркектер мен әйелдердің теңдігі;
h) мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалардың өз жеке қасиетін сақтау құқықтарын құрметтеу болып табылады.

4-бап
Жалпы міндеттемелер

1. Қатысушы мемлекеттер барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітусіз толық жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және көтермелеуге міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер:
a) осы Конвенцияда танылатын құқықтарды іске асыру үшін барлық тиісті заңнамалық, әкімшілік және өзге де шараларды қабылдауға;
b) мүгедектерге қатысты кемсітуші болып табылатын қолданылып жүрген заңдарды, қаулыларды, дәстүрлер мен ұстанымдарды өзгерту немесе жою үшін барлық тиісті, оның ішінде заңнамалық шешімдерді қабылдауға;
c) барлық стратегиялар мен бағдарламаларда мүгедектердің адам құқықтарының қорғалуы мен көтермеленуін ескеруге;
d) осы Конвенцияға сәйкес келмейтін кез келген іс-әрекеттен және әдістерден      қалыс қалуға және мемлекеттік органдар мен мекемелердің осы Конвенцияға сәйкес іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге;
e) кез келген адам, ұйым немесе жеке кәсіпорын тарапынан болатын мүгедектік белгісі бойынша кемсітуді жою үшін барлық тиісті шараларын қабылдауға;
f) мүгедектің нақты қажеттілігіне ыңғайластыру барынша аз бейімделу мен шығынды талап ететіндей тауарлардың, қызмет көрсетулердің, құрал-жабдықтар мен әмбебап дизайн объектілерінің (осы Конвенцияның 2-бабында анықталатын) зерттеу және конструкторлық әзірлемелерін жүргізуге немесе көтермелеуге, олардың қолда болуына және пайдаланылуына жағдай жасау, сондай-ақ стандарттар мен басқару бағдарларын жасау кезіндегі әмбебап дизайн идеясын ілгерілетуге;
g) зерттеу және конструкторлық әзірлемелер жүргізуге немесе көтермелеуге, сондай-ақ қымбат емес технологияларға бірінші кезекте көңіл бөле отырып ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ұтқырлықты жеңілдететін құралдарды, мүгедектерге лайықты құрылғылар мен ассистивті технологияларды қоса алғанда, жаңа технологиялардың болуына және пайдаланылуына жағдай жасауға;
h) мүгедектердің ұтқырлығын жеңілдететін құралдар, құрылғылар мен ассистивті технологиялар, оның ішінде жаңа технологиялар, сондай-ақ көмектің басқа түрлері, қосалқы қызметтер және объектілер туралы қол жетімді ақпарат беруге;
i) мамандарға және мүгедектермен жұмыс істейтін адамдарға осы Конвенцияда танылған құқықтарды оқытуды, осы құқықтар кепілдік берген көмек және қызмет көрсетулерді жетілдіру үшін көтермелеуге міндеттенеді.

2. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты әрбір қатысушы мемлекет өзінде бар ресурстарды барынша іске қоса отырып, ал қажет болған жағдайда халықаралық ынтымақтастықты пайдалана отырып, осы Конвенциядағы тұжырымдалған халықаралық құқықтарға сәйкес тікелей қолданылатын міндеттемелерге нұқсан келтірмей, осы құқықтарды толық жүзеге асыруға біртіндеп қол жеткізуге арналған шараларды қабылдауға міндеттенеді.

3. Осы Конвенцияны іске асыруға бағытталған заңнаманы және стратегияны әзірлеу әрі пайдалану кезінде және мүгедектерге қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдаудың басқа процестері шеңберінде қатысушы мемлекеттер мүгедектермен, мүгедек балалармен тығыз консультация жасайды және олардың өкілді ұйымдары арқылы оларды белсенді түрде тартады.

4. Осы Конвенциядағы ештеңе де мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыруға көп дәрежеде жағдай жасайтын және қатысушы мемлекеттің заңдарындағы немесе осы мемлекеттегі қолданылатын халықаралық құқық нормаларындағы қандай да бір ережеге әсер етпейді. Осы Конвенцияға қандай да бір қатысушы мемлекетте танылатын немесе қолданылатын қандай да бір адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын заңның, конвенцияның, ережелердің немесе әдет-ғұрыптардың күшімен, осы Конвенцияда мұндай құқықтар немесе бостандықтар танылмайды немесе мұнда олар аз дәрежеде танылады деген сылтаумен ешқандай шектеуге немесе төмендетуге жол берілмейді.

5. Осы Конвенцияның ережелері федеративтік мемлекеттердің барлық бөліктерінде қандай да бір шектеусіз және алып тастаусыз қолданылады.

5-бап
Теңдік және кемсітпеу

1. Қатысушы мемлекеттер барлық адамдар заң алдында және заң бойынша тең екенін, заңның тең қорғауына және оны ешқандай кемсітусіз тең қолдануға құқылы екенін таниды.
2. Қатысушы мемлекеттер мүгедектік белгісі бойынша кез келген кемсітуге тыйым салады және мүгедектерді кез келген негіздегі кемсітуден тең және тиімді құқықтық қорғауға кепілдік береді.
3. Қатысушы мемлекеттер теңдікті көтермелеу және кемсітуді жою үшін ақылға қонымды бейімделуді қамтамасыз етуге арналған барлық тиісті қадамдарды жасайды.
4. Мүгедектердің іс жүзіндегі теңдігін жеделдету немесе қол жеткізу үшін қажет нақты шаралар осы Конвенцияның мағынасы бойынша кемсіту болып саналмайды.

6-бап
Мүгедек әйелдер

 1. Қатысушы мемлекеттер мүгедек әйелдердің және мүгедек қыздардың көптеген кемсітуге ұшырайтынын мойындайды және осыған байланысты олардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең іске асыруын қамтамасыз ету  шараларын қабылдайды.
2. Қатысушы мемлекеттер әйелдердің жан-жақты дамуын, жағдайының жақсаруын және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін, олардың осы Конвенцияда бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын іске асыруына немесе жүзеге асыруына кепілдік беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.

7-бап
Мүгедек балалар

1. Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық іске асыруы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
2. Мүгедек балаларға қатысты барлық іс-қимылдарда бірінші кезекте баланың жоғарғы мүдделеріне көңіл бөлінеді.
3. Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың оларды қозғайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде олардың жастары мен кәмелеттілігіне сәйкес келетін тиісті салмаққа ие болатын көзқарастарын еркін білдіру және осы құқықты жүзеге асыруға мүгедектігі мен жасына сәйкес келетін көмекті алуға құқығы болуын қамтамасыз етеді.

8-бап
Ағарту-тәрбие жұмысы

1. Қатысушы мемлекеттер:
a) жалпы қоғамның, оның ішінде отбасы деңгейіндегі мүгедектік мәселелеріндегі ағартушылықты арттыруға және мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиеттерін құрметтеу сезімін нығайтуға;
b) қоғам өмірінің барлық салаларындағы мүгедектерге қатысты, оның ішінде жынысы мен жасы негізіндегі стереотиптермен, ырымдармен және зиянды ғұрыптармен күрес жүргізуге;
c) мүгедектердің әлеуеті мен үлесін насихаттау үшін тез арада, тиімді және тиісті шаралар қабылдауға міндеттенеді. 
2. Осы мақсатта қабылданатын шаралар мыналарды қамтиды:
a) тиімді қоғамдық-ағарту науқанын өрістету және жүргізу, ол мыналарға арналуға тиіс:
i) мүгедектердің құқықтарына түсіністікпен қарауға тәрбиелеу;
ii) мүгедектер туралы оң түсініктерді және оларды қоғамның неғұрлым терең түсінуін көтермелеу;
iii) мүгедектердің дағдыларын, қадір-қасиеттері мен  қабілетін, сондай-ақ олардың жұмыс орны мен еңбек нарығындағы үлесін тануға жәрдемдесу;
b) білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде, соның ішінде ерте жастан бастап барлық балаларды мүгедектер құқықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
c) барлық бұқаралық ақпарат органдарын мүгедектерді осы Конвенцияның мақсатына сәйкес келетіндей етіп бейнелеуге шақыру;
d) мүгедектер мен олардың құқықтарына арналған тәрбиелік-танымдық бағдарламаларды ілгерілету.

9-бап
Қол жетімділік

1. Мүгедектерге тәуелсіз өмір салтын жүргізу және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысу мүмкіндігін беру үшін қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен тең дәрежеде табиғи айналасына, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғандағы ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ қалалық және ауылдық аудандарда халық үшін ашық немесе көрсетілетін басқа да объектілер қызметін көрсетулерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды. Бұл шаралар қол жеткізуге кедергі жасайтын тосқауылдар мен кедергілерді анықтау және жоюды қамтиды, ішінара алғанда:
a) мектептерді, тұрғын үйлерді, медициналық мекемелер мен жұмыс орындарын қоса алғандағы ғимараттарға, жолдарға, көлік пен басқа да ішкі және сыртқы объектілерге;
b) ақпараттық, коммуникациялық және электрондық қызметтер мен шұғыл қызметтерді қоса алғандағы басқа да қызметтерге қатысты.

2. Қатысушы мемлекеттер:
a) халық үшін ашық немесе көрсетілетін объектілер мен қызмет көрсетулердің қол жетімділігін көздейтін ең төменгі стандарттары мен басқару бағдарларын әзірлеу, оларды қолданысқа енгізу және олардың сақталуын бақылау;
b) халық үшін ашық немесе көрсетілетін объектілер мен қызмет көрсетулерді ұсынатын жеке кәсіпорындардың мүгедектер үшін қол жетімді болуының барлық аспектілерін ескеруін қамтамасыз ету;
c) барлық тартылған жақтар үшін мүгедектер ұшырасатын қол жетімділік проблемалары жөнінде нұсқаулық ұйымдастыру;
d) халық үшін ашық ғимараттар мен басқа да объектілерді Брайль әліпбиімен жазылған және жеңіл әрі түсінікті түрдегі таңбалармен жабдықтау;
e) халық үшін ашық ғимараттар мен басқа да объектілерге қол жеткізуді жеңілдету үшін көмекшілер мен делдалдардың, оның ішінде жол серіктердің, оқып берушілердің және кәсіби сурдоаудармашылардың әртүрлі қызмет көрсету түрлерін ұсыну;
f) мүгедектерге олардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін көмек пен қолдау көрсетудің басқа да тиісті нысандарын дамыту;
g) мүгедектердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерге, соның ішінде Интернетке қол жеткізуін көтермелеу;
h) бастапқыдан қол жетімді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді жобалауды, әзірлеуді, өндіруді және таратуды осы технологиялар мен жүйелердің қол жетімділігіне ең аз шығынмен қол жеткізілетіндей етіп көтермелеу үшін тиісті шараларды қабылдайды.

10-бап
Өмір сүру құқығы

Қатысушы мемлекеттер әрбір адамның ажырамас өмір сүру құқығын тағы да растайды және мүгедектердің оны басқалармен тең дәрежеде тиімді іске асыруы үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды.

11-бап
Қатерлі жағдайлар мен төтенше гуманитарлық жағдайлар

Қатысушы мемлекеттер халықаралық құқық бойынша, оның ішінде халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарының халықаралық құқығы бойынша өз міндеттемелеріне сәйкес мүгедектерді қатерлі жағдайларда, оның ішінде қарулы қақтығыстарда, төтенше гуманитарлық және табиғи апат жағдайларында қорғау әрі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды.

12-бап
Заң алдындағы теңдік

1. Қатысушы мемлекеттер әрбір мүгедектер қай жерде болмасын теңдей құқықтық қорғауға құқылы екенін растайды.
2. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің өмірдің барлық аспектілерінде басқалармен теңдей құқықтық тұрғыдан қабілетті деп таниды.
3. Қатысушы мемлекеттер мүгедектерге өздерінің құқықтық қабілеттерін жүзеге асыруы кезінде талап етілуі мүмкін қолдауға қол жеткізуді ұсыну үшін тиісті шараларды қабылдайды.
4. Қатысушы мемлекеттер құқық қабілетін жүзеге асырумен байланысты барлық шаралардың адам құқықтарының халықаралық құқығына сәйкес теріс пайдалануды болдырмаудың тиісті және тиімді кепілдіктерін көздеуін қамтамасыз етеді. Мұндай кепілдіктер құқық қабілетін жүзеге асырумен байланысты шаралардың адамның құқықтарын, ерік-жігерін және қалауын құрметтеуге бағытталуын, мүдделер қақтығысынан және қолайсыз ықпал етуден еркін болуын, осы адамның жағдайларымен мөлшерлес болуын және соған бейімделуін, барынша аз мерзім ішінде қолданылуын және білікті, тәуелсіз әрі алаламайтын органның немесе сот инстанциясының жүйелі тексеру жүргізуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл кепілдіктер мұндай шаралардың осы адамның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын дәрежесіне мөлшерлес болуға тиіс. 
5. Осы баптың ережелерін ескере отырып қатысушы мемлекеттер мүгедектердің мүлікке ие болу және мұраға алу, өз қаржы істерін басқару, сондай-ақ банк ссудаларына, ипотекалық несиелерге және несиелендірудің басқа да нысандарына бірдей қол жеткізуге теңдей құқығын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті және тиімді шараларды қабылдайды және мүгедектердің өз мүліктерінен өз еркімен ажырап қалмауын қамтамасыз етеді.

13-бап
Сот төрелігіне қол жеткізу

1. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің сот төрелігіне басқалармен тең дәрежеде, соның ішінде олардың тергеу кезеңі мен алдын ала іс жүргізудің басқа кезеңдерін қоса алғандағы заңгерлік процестің барлық кезеңдерінде өздерінің тиімді тікелей және жанама қатысушылар, соның ішінде куәгерлер рөлін атқаруын жеңілдететін процессуалдық және жасына сәйкес келетін түзетулерді көздей отырып тиімді қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
2. Мүгедектердің сот төрелігіне тиімді қол жеткізуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін қатысушы мемлекеттер сот төрелігін жүргізетін салада, соның ішінде полицияда және пенитенциарлық жүйеде жұмыс істейтін адамдарды оқытуға тиісті дәрежеде жағдай жасайды.

14-бап
Еркіндік және жеке басына қол сұқпаушылық

1. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде:
a) еркіндік және жеке басына қол сұқпаушылық құқығын пайдалануын;
b) еркіндігінен заңсыз немесе ерікті түрде ажырамауын және кез келген еркіндігінен айырудың заңға сәйкес болуын, ал мүгедектігінің болуы ешқандай да еркіндігінен айыруға негіз болмауын қамтамасыз етеді.
2. Қатысушы мемлекеттер егер де қандай да бір рәсімнің негізінде мүгедектер еркіндігінен айырылған жағдайда оларға басқалармен теңдей дәрежеде адам құқықтарының халықаралық құқығына сәйкес келетін және ақылға қонымды бейімделуді қамтамасыз етуді қоса алғандағы олармен қарым-қатынастың осы Конвенцияның мақсаттары мен принциптеріне сәйкес болуына кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді.
1 2 3