Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Мүгедектердің әлеуметтік қорғауы туралы МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ



ҚР мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заң


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасында мҥгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

1-тарау Жалпы ережелер
(1 - 3 баптар)
2-тарау Мҥгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
(4 - 12 баптар)
3-тарау Мҥгедектердің қҧқықтары және оларды әлеуметтiк қорғау
(13 - 32 баптар)
4-тарау Жҧмыс берушінің мҥгедектердi әлеуметтiк қорғау iсiне қатысуы
(33 - 35 баптар)
5-тарау Мҥгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi
(36 бап)
6-тарау Ocы 3aңның сақталуын бақылау
(37 - 38 баптар)
7-тарау Қорытынды ережелер
(39 - 1 баптар)

 
Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуме ттiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары - мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық кӛмек түрi;
2) әлеуметтiк қызмет кӛрсетудiң мемлекеттік стандарттары - мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай-ақ қарттарға медициналық-әлеуметтiк мекемелерде, үйде кӛрсетiлетiн әлеуметтiк кӛмек бӛлiмшелерiнде және әлеуметтiк қызмет кӛрсетудiң аумақтық орталықтарында берiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң кӛлемiн және оларды ұсынудың тәртібін белгiлейтiн ережелер;
3) кәсiптiк бағдарлау - мүгедектiң еңбек қызметi түрлерiн таңдауына кӛмек кӛрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;
4) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi;
5) медициналық-әлеуметтiк сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттіліктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімінқара)
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) - күтім мен медициналық қызмет кӛрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған интернат-үй, әлеуметтік қызмет кӛрсететін аумақтық орталық немесе ӛзге де ұйым;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;
7) мүгедек - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
8) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;
9) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту - мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi;
10) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау - мүгедектерге әлеуметтiк кӛмек кӛрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жӛніндегі шаралар кешенi;
11) мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары - мүгедектiң жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
12) мүгедектердi кәсiптiк оңалту - мүгедектердiң бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, білімi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi;
13) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы - мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту жӛніндегі iс-шаралардың кепiлдiк берiлген тiзбесi; 14) мүгедектердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi - мүгедектердiң ӛзiн-ӛзi қарап-күту, ӛз бетiмен ӛмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық ӛмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi;
15) мүгедектiк - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi;
16) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедектi оңалтудан ӛткiзудiң нақты кӛлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат;
17) тармақша 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
17) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктердi қанағаттандыруға арналған құралдар;
18) протездiк-ортопедиялық кӛмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жӛніндегі медициналық-техникалық кӛмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;
19) протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе дененiң басқа да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудiң салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
20) сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған, соның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар;
21) техникалық кӛмекшi (орнын толтырушы) құралдар - протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;
22) тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң кӛру кемiстiгi салдарынан жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
23) тiршiлiк-тынысының шектелуi - адамның ӛзiн-ӛзi қарап-күту, ӛздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, ӛзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінара айрылуы.
2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан ӛзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайлар қосылмайды.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.

2-тарау. МҤГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:
1) мүгедектiктiң алдын алуға;
2) мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға;
3) мүгедектердiң қоғаммен етене араласуына бағытталған.
5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:
1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы;
2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
3) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;
4) мемлекеттік органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жӛніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестiктермен және ӛзге де ұйымдармен ӛзара iс-қимыл жасауы;
5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларын бекiтедi;
3) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
4) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен тӛлеудiң тәртібін бекiтедi;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
4-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер кӛрсету:
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке кӛмекші беру;
есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын жылына отыз сағат мерзімге беру тәртібін бекітеді;
5) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында үйлестiру кеңесiн құрады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) ӛзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген ӛзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бӛлiмшелерiнiң құзыретi
1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03 № 258-IV ҚРЗаңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бҧр.ред.қара) 1-1) тармақша өзгертілді
1-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларын әзiрлейдi;
3) мүгедектерге әлеуметтiк қызмет кӛрсетудiң мемлекеттік стандарттарын әзiрлейдi;
4) басқа да мемлекеттік органдарды мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi жағынан әдiстемелiк және ұйымдастырушылық үйлестiрудi жүзеге асырады;
5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, тобын және еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын анықтау ережелерiн әзiрлейдi;
7) мүгедектердi есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi;
8) тармақша 2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
8) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту саласындағы кадрлардың, соның iшiнде, ымдау тілі мамандарының біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде кӛзделген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бӛлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады:
1) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;
2) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мерзiмiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн, организм функцияларының бұзылуы және тiршiлiк-тынысының шектелуi дәрежесiне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;
3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген жәрдемақыларды және тӛлемдер мен ӛтемақылардың басқа да түрлерiн тағайындау;
5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау;
6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) ӛз құзыретi шегiнде мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.
8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) халықтың салауатты ӛмiр салтын қалыптастыру, мүгедектiктiң алдын алу саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2) ауруға диагноз қоюдың және емдеудiң хаттамаларын айқындайды;
3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектердi медициналық оңалтуды жүзеге асырады; 4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде кӛзделген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Білім беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Білім беру саласындағы уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердiң білім алуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен тӛлеудiң тәртібін әзiрлейдi;
3) мүгедектердi оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде кӛзделген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi ӛкiлдi органдары:
1) мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламасын бекiтедi;
2) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жӛніндегі ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ӛкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;
2) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындарды құрады;
3) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;
4) осы Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
5) мүгедектердi оңалту жӛніндегі мамандарды, оның iшiнде ымдау тілінiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;
6) осы Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;
8) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
9) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық кӛмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен бірлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды ӛткiзудi ұйымдастырады;
11) мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен, аумақтық уәкiлеттi мәдениет органдарымен бірлесiп мәдени-кӛпшiлiк және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк кӛмектiң кӛрсетiлуiн үйлестiредi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi ӛкiлдi органдары:
1) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламасын бекiтедi;
2) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жӛніндегі ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ӛкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;
2) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламаларының тиiстi аумақта iске асырылуын қамтамасыз етедi;
3) мүгедектерге әлеуметтiк және қайырымдылық кӛмек кӛрсетудi ұйымдастырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу
1. Мүгедектiктiң алдын алу - ерте диагноз қоюға, дене, ақыл-ой, психикалық, сенсорлық және басқа кемiстiктердiң туындауынан және кемiстiктiң тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектiкке ауысуынан сақтандыруға бағытталған шаралар кешенi, сондай-ақ денсаулықты қорғау, адамның тұратын экологиялық ортасын жақсарту, салауатты ӛмiр салтын қалыптастыру, еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, ӛндiрiсте жарақаттануды болдырмау, кәсiптiк ауруларды азайту жӛніндегі iс-шаралар.
2. Мүгедектiктiң алдын алуды тиiстi мемлекеттік органдар, жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
1 2