Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі туралы АҚПАРАТ


   «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі (РҚБ) Әуезов аудандық филиалы демократиялық және жариялылық қағитаттары негізінде жұмыс істейді. Алматы қаласы мен ауданның қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне белсенді қатысып отырады. Әуезов аудандық филиалы өз қызметін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жарлығын, аудандық филиал туралы Ережені, «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес атқарады.

Аудандық Кеңес өз жұмысын аудан әкімінің аппараты және оның қызметтерінің, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің қолдауымен және көмегімен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен, аудандық білім бөлімімен, медициналық орталықпен, емханалармен, аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен, Алматы қаласының 7 депутатымен, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен, қоғамдық бірлестіктермен, ПИК-пен, демеушілермен тығыз байланыста жүзеге асырып келеді.

Аудандақ ардагерлер ұйымының қызметтік мәні: ардагерлердің материалдық және тұрғынжай, мәдени-тұрмыстық жағдайын, медициналық қызмет көрсетуді  жақсарту; ардагерлердің оқу орындарында, ұжымдарда, әскери бөлімдерде алдыңғы бабалардың жүріп өткен жолымен, соғыс және еңбек даңқына баулу дәстүрін сіңіре отырып, жастарды партиоттық және рухани-ізгілікке тәрбиелеу шараларына қаттысуы; мұражай, ескерткіштер, мемориалдар жасау арқылы Отан қорғаушылардың мәңгі есте қалдыру; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және т.б. болып табылады.

Семнарлар, «ерлік сабақтары», «дөңгелек үстелдер», әртүрлі тақырыпқа шығармалар жазу шаралары өткізіліп тұрады. Соғысқа қатысушы белсенділер: Калинин С.С., Керімқұлов Д., Бормотов Ф.Ф., Тұрарұлы Байтұма және т.б, сондай-ақ тыл майданына қатысушылар (ТМҚ) – Непомилуева Н.П., Орлова Л.Г., Қонысбаева К.А., Құспанов М және басқалары ұдайы шараларды өткізуге көмектесіп отырады.

Штаттық кесеге сәйкес аудандық Ардагерлер кеңесінде 3 бірлік бекітілген, олар: төраға, төраға орынбасары және жауапты хатшы, сонымен қатар, шарт бойынша бас маман, бухгалтер және жүргізуші жұмыс істейді. Адагерлер кеңесі қоғамдық ұйым, сондықтан жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбейді, тек демеушілер көмек көрсетеді.

Кеңесте қоғамдық бастама негізінде тұрғылықты жерлері бойынша 114 алғашқы  ардагерлер ұйымы (ААҰ) және 206  бөлімшелік (цехтық) ардагерлер ұйымы және 8 қоғамдық комиссия жұмыс істейді, олар: ұйымдастыру-әдістемелік, жастарды патриоттыққа және ізгілікке тәрбиелеу, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, Отан қорғаушыларды және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген азаматтарды мәңгі есте қалдыру, медициналық және шипажаймен қамтамасыз ету, экономикалық талдау, мәдениет және спорт мәселелері бағытында құрылған.

2010 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Ардагерлер кеңесін Кеңестің төрайымы, 1951 жылы 1 қыркүйекте туған, Ибраева Батима Сапиқызы басқарады, мамандығы бойынша – орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, комсомол, кеңестік партия қызметкері. 10 жылдам астам Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ардагерлермен және әлеуметтеік мекемелермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымын атқарған. Мемлекеттік және қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін Ибраева Б.С. мерейтойлық медальдармен: «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Ардагерлер қозғалысының белсенділері: «Асыл әжелер», «Лада» ансамбльдері, «Достық» хоры, мәдениет, жастарды партиоттық тәрбиелеу, Отан қорғаушыларды мәңгі есте қалдыру ескерткіштері жөніндегі комиссия және басқалары  ҰОС-дағы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» байқау-фестиваліне қатысып, мемориалдық кешендердің, ескерткіштердің, мұражайлардың, соғыс және еңбек даңқы бөлмелерінің жай-күйіне зерттеулер жүргізді.

Жүріп-тұра алмайтын соғыс және еңбек ардагерлерін үйлеріне барып құттықтау шаралары ұйымдастырылды. Демеушілер, ЖӨБК, Алматы қаласының мәслихат депутаттары аудан әкімінің аппаратымен, алғашқы ардагерлер ұйымдарымен бірлесіп соғыс ардагерлері мен ТМҚ мейрамхана, кафеге шақырып, азық-түлік себеттерін тапсыра отырып, құттықтады. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі соғыс ардагерлері мен ТМҚ Жеңіс Күнінің құрметіне орай, бір жолғы материалдық төлем жүргізді.

«Әр үйге қамқорлықпен» акциясының барысында  алғашқы ардагерлер ұйымдары, сынып жетекшілері, мектеп оқушылары, ЖОО-ның студенттері мен «Жас Отан» еріктілері Ұлы Отан соғысының қарт ардагерлерін мекенжайларына барып құттықтап, қолдарынан келгенше көмек көрсетті. Аудандағы 32 мектепте, 6 ЖОО-да, 22 ОАОО-да Жеңіс Күні құрметіне орай акциялар өткізілді – ҰОС қатысушылармен, ТМҚ-мен  кездесулер, концерттер, «Ештеңе де ұмытылмайды, ешкім де ұмытылмайды» тақырыбына арналған шығармалар жазу шарасы өткізіліп,  ҰОС қатысушыларының үйлері мен пәтерлеріне «Мұнда соғысқа қатысушы тұрады» маңдайшасы орнатылып, үй маңындағы аумақтарды тазарту үшін сенбілік ұйымдастырылып, әлеуметтік жұмысшылармен бірге жүре алмайтын ардагерлердің пәтерін тазалауға, дәрі-дәрмек және азық-түлік жеткізуге көмектесті.

Жоғарыда аталған мекемелер, соғыс ардагерлері мен ТМҚ-ға бекітілген, олар Қарт адамдар айлығы кезінде де тұрақты түрде акциялар өткізіп тұрады.

8 мамыр күні ардагерлер мен жастар, аудандық қызмет басшылары №130 мектеп-гимназиясының әдеби композициясын ақатысып, Орталық зираттығы Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған.

Ардагерлер кеңесі зейнеткерлерге бос уақыттарын тиімді өткізуге көмектесіп отырады, яғни театрларға, кинотеатрларға шақырып, дойбы, шахмат, бильярд, боулинг бойынша спорттық шаралар өткізеді; жыл сайын «Баспалдақ-Медеу» шарасына қатысады. Наурыз айынан қыркүйек айына дейін сенбі және жексенбі күндері сағат 16-00-ден 18.00-ге дейін «Фемели» саябағындазейнеткерлер «Лада» ансамблімен би билеп, ән айтады; Шымбұлаққа, Алма Арасан шатқалына, Көктөбеге, Қапшағайға жаяу саяхаттар, метроға, саябақтарға, хайуанаттар бағына және т.б. демалыс орындарына экскурсиялар ұйымдастырылып отырады. Ардагерлер кеңесі қала және аудан әкімдіктерінің мемлекеттік мерекелердің құрметіне ұйымдастырған барлық шараларына, аудандағы 6 ЖОО-да, 20 ОАОО-да, 32 мектепте, әскери бөлімдерде алдыңғы бабалардың жүріп өткен жолымен, соғыс және еңбек даңқына баулу дәстүрін сіңіре отырып, жастарды партиоттық және рухани-ізгілікке тәрбиелеу

Ардагерлер кеңесі аудан әкімі аппаратының 1 қабатында  келушілердің қандай да бір мәселелерін шешуге қолайлы орналасқан. Сондай-ақ зейнеткерлер жиі қоңырау шалып, өздерін толғандырып жүрген әр түрлі сұрақтарға тиісті деңгейде кеңестер алады.