Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Әлеуметтік мәртебені анықтау


Әлеуметтік мәртебені анықтау

 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық медициналық көмекті міндетті мединициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша ала бастайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды аудармайтын азаматтар үшін медициналық көмек қолжетімсіз болуы қалуы мүмкін.

 

Егер Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз белгісіз болса

не істеу керек:

I. Егер Сіз өзіңізді жұмыссыз деп санасаңыз және жұмыссыз ретінде есеп тұрғыңыз келсе тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдіре аласыз. Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үшін жарналарды мемлекет төлейді.

II. Егер Сіз экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылсаңыз (жеке жүк тасу, құрылыс бизнесі, қызмет көрсету, сауда және т.б.) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз қажет. Осы жағдайда Сіз жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлейсіз. Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органына өтініш білдіруіңіз қажет.

Өз әлеуметтік мәртебеңізді e-gov.kz «электрондық үкімет» порталынан, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан және Халықты жұмыспен қамту орталықтарын анықтауға болады.

Қазіргі таңда азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін қалада аулааралық тексеру жұмыстарын жүргізілуде.

Бұл үшін әкімдік, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім органдарының, сонымен қатар,  мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік кірістер, жергілікті полиция қызметінің өкілдерінен тұратын мобильдік топтар құрылған. Олар жадынамаларды таратады, азаматтардың аты-жөні, туған күні, ЖСН-і, әлеуметтік мәртебесі көрсетілетін сауалнамаларды толтырады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды аударудан келесі азаматтар босатылады:

1)    балалар;

2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;

7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

10) зейнеткерлер;

11) әскери қызметшілер;

12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

15) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды аудармайтын азаматтар тек әлеуметтік-маңызды ауруларға шалдыққан кезінде медициналық көмекпен, жедел медициналық көмекпен, амбулаторлық-емханалық көмекпен ғана қамтамасыз етіледі.