Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Әуезов ауданындағы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

Мекенжайы: № 3 ықшам аудан, 41 "А"

Байланыс телефондары: қабылдау бөлмесі 276-49-92, бөлім басшысы 277-11-96,

Факс: 276-49-92

Халықты жұмыспен қамту бөлімінің негізгі атқаратын жұмысы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау болып  саналады.

Бұл жұмыстарды атқаруда бөлім негізінен Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту», «Еңбек заңы», «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару», «Әлеуметтік әріптестік» және тағы басқалай заңдармен Алматы қаласы және аудан Әкімшіліктерінің шешімдерін, сонымен қатар Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің бұйрықтары мен шешімдерін басшылыққа ала отырып атқарады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

1) республикалық халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын және гендерлік өлшем есебімен халықты жұмыспен қамтуға арнайы  бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

2) жергілікті атқарушы органдарға талқылау мен енгізулерді қарастыру:

арнаулы топ тұрғындарын анықтауда және оларды қорғау бойынша әлеуметтік өлшем ұсыныстары;

қала ұйымдарында жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарында қоғамдық жұмыстарды жүргізу және дайындау бойынша ұсыныстар;

3) келген азаматтар мен жұмыссыздарды қабылдау, түгендеу және тіркеу, жұмысқа орналастыруда көмек көрсету, оқу мен жұмысқа орналасу үшін бағыт-бағдар беру, азаматтар мен жұмыссыздарға кәсіби бағдар қызметтерін тегін көрсету;

4) өздерінің келісімімен жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға бағыттау; 

5) жұмыс берушінің рұқсатымен шетелдік жұмысшылар күшін жұмысқа тартуға ұсынылған құжаттарды қабылдау;

6) жасалған шартқа сәйкес жұмыс берушіге ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін арнаулы топ тұрғындарынан азаматтарды бағыттау;

7) келген азаматтарды және жұмыссыздарды жұмысқа алу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс беруші-жұмысшы күшін қамтамасыз ету туралы хабарлау;

8) жұмыссыз азаматтарды келген күннен бастап бес күн ішінде есепке тіркеу және қою;

9) жұмыссыз азаматтарды түлектер қатарынан  жұмыс берушілерге жасалған шартқа сәйкес жастар практикасынан өту үшін  және кәсіби білімі барлар есебінен бағыттау;

10) автоматтандырылған банкте осы бос жұмыс орындарын (бос қызмет орындары) қалыптастыру, осы негізде халықты және жұмыс беруші кәсіби білім беру, жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері мен еңбек нарығының жағдайы туралы толық және шынайы ақпараттармен  қамтамасыз ету;

11) жұмыс берушілер өзіне керекті жұмыскерлерді таңдау кезінде жекеменшіктілікке қарамастан көмек көрсету;

12) жұмыссыздарды кәсіби дайындауға, қайта дайындауға және оларды кейіннен жұмысқа орналастыруға көмектесумен еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес біліктіліктерін көтеруге бағыттау;

13) жұмыс істейтіндер мен тұлғаларды, жеті жасқа дейінгі балалар күтімімен айналысатындарды соның ішінде олар араласқан жағдайда күнкөрісі төмендерді еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес кәсіби дайындауға, қайта дайындауға және біліктіліктерін көтеруге бағыттау;

14) төленетін қоғамдық жұмыстарды өткізуде жасалған шарттар мен төленетін қоғамдық жұмыстарды өткізу үшін ұйымдарда  іріктеуді жүзеге асыру;

15) жұмыссыздарға жұмыс істемейтіндігі ретінде тіркелгені туралы анықтама беру;

16) еңбек нарығы ахуалында жұмысшы күшіне сұранысқа мониторинг, талдау және болжам жасау. Республикалық халықты жұмыспен қамту бағдарламасы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ортамерзімді жоспарлар базасында ұсыныстар әзірлеу; Халық пен жергілікті атқарушы органдарды еңбек нарығының жағдайынан хабардар ету;

17) мемлекеттік саясат халыққа атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектерді төлеу және тағайындау саласында негізгі бағыттарды жүзеге асыру;

18) заңды тұлғалар мен халықтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бөлім құзіреттілігіне кіретін мәселелер бойынша жеке азаматтардың арыздарын және бекітілген тәртіпте хаттарды қарастыру;

19) Жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара әрекеттесу  және халықты жұмыспен қамту бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру;

20) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласына ақпараттарды өңдеу жүйесі мен бірыңғай ақпараттық бағдарламаларды енгізу;

21) мүгедектерді есепке қою және оларды сурдоқұралдармен, арнайы ауысу құралдарымен, міндеттелген гигиеналық құралдармен, ымдау тіл мамандарымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қызметтің жеке көмекшілері мен мүгедектерді басқа да әлеуметтік қолдау өлшемдері;

22) Семейдегі ядролық сынау полигонында ядролық сынау салдарынан жәбірленген азаматтарды есепке алу және тіркеу;

23) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу;

24) тұрғын үй көмегін тағайындау;

25) әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау, төлеу және басқа категориялармен қосымша әлеуметтік көмектің өзге де түрлері мұқтаж азаматтарға жергілікті бюджеттің қаражатынан көрсетіледі;

26) мемлекеттік бюджет қаражатынан ұсынылатын қызметтер мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)  әлеуметтік көмек көрсетуге қарттардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың құжаттарын ресімдеу;

27) көп балалы аналарға берілетін «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларына құжаттарды ресімдеу;

28) бөлім қызметкерлері қызметінің тиімділік бағасы

29) Республика заңнамасына сәйкес басқарма бөліміне жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыру;

Жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту бөліміне есепке тұру үшін Жеке басының куәлігі қажет.

Халықты жұмыспен қамту бөлімінің жұмыс жасау кестесі:

Дүйсенбі - сағат 9-00 ден 16-00-ге дейін

Сейсенбі - сағат 9-00 ден 16-00-ге дейін

Сәрсенбі - сағат 9-00 ден 16-00-ге дейін

Бейсенбі - сағат 9-00 ден 16-00-ге дейін

Жұма - техникалық күн,

Сенбі және жексенбі - демалыс күндер.