Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Алматы қалалық Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі


Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2019 жылғы «___»____________ № ___ бұйрығына ___ қосымша Ереже Алматы қалалық Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі туралы 1. Жалпы ереже: 1. Алматы қалалық Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі (ары қарай – бөлім) Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының (ары қарай – Басқарма) құрылымдық бөлігі болып табылады. 2. Алматы қалалық Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау турлы», 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекттік қызметі туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығын, 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығын, Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімін, Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі» шешімін, Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қаулысын, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын басшылыққа алады. 3. Бөлімнің штаттық құрамы мен құрылымы Басқарманың штаттық кестесі мен Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарына сәйкес жүргізіледі. 2. Бөлімнің негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары: 4. Міндеті: Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу. Қызметтері: 1) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 2) мүгедектерге кресло-арбалар беру; 3) мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 4) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу; 5) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу; 6) мүгедек балаларға және он сегіз жастан жоғары психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді қаматамасыз ету; 7) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша аудан тұрғындары мен заңды тұлғалар арасында семинарлар, кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялай отырып ұйымдастыру; 8) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша ақпараттар, есептер, мәліметтер, тапсырыстар дайындау, аудан бойынша жұмыстардың қорытындысын талдау; 9) Алматы қаласындағы мемлекеттік емес ұйымдар мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен әріптестік байланыс орнату; 5. Міндеті: Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктерді Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға көрсетілуін қамтамасыз ету; Қызметі: 1) Басқармаға мемлекеттік марапат «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тағайындау үшін көп балалы аналардың құжаттарын қабылдау мен жеке істерін жіберу; 2) Медициналық-әлеуметтік мекемелерге қажеттілігі бар мүгедектердің, зейнеткерлердің, мүгедек балалардың және азаматтардың құжаттарын қабылдау және комиссия қарауына Басқармаға жіберу; 3) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік кұжаттар ресімдеу және комиссия қарауына Басқармаға жіберу; 4) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардан өтініш қабылдау, куәлік беруге құжаттарды қабылдау, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу үшін құжаттарды комиссияға ұсыну; 5) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тірку және куәлік беру 6) ақталған адамға куәлік беруге құжжатар қабылдау; 7) есеп, мәлімет және ақпарат дайындау; 6. Міндеті: Әлеуметтік жағынан аз қамтылған аудан халқына әлеуметтік көмек көрсету. Қызметі: 1) Жергілікті өкілді органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2 АЕК, 6,5 АЕК, 10 АЕК, 12 АЕК, 7АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК мөлшерде әлеуметтік көмек және санаторлы-курорттық емделу және газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмекті тағайындау 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 3) тұрғын үй көмегін тағайындау; 4) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу; 5) жекелеген санаттағы азаматтарға атаулы және мерекелі күндерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету; 6)халықтың тұрмыстық деңгейін талдау. Аз қамтылған азаматтар есебі. 7) есеп, мәлімет және ақпарат дайындау; 7. Міндеті: халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау. Қызметтері: 1) жұмыспен қамту картасы бойынша мәліметтерді жинақтау; 2) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзартуға құжаттар қабылдап және оны Басқармаға жіберу; 3) шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерден келесі жылға квотаға өтінімдер қабылдау; 4) есеп, мәлімет және ақпарат дайындау; 8. Бөлім құқықтары мен міндеттері: 1) бөлімнің перспективтік және ағымдағы жоспарын жасау; 2) қызметтік міндетті атқару барысында Басқармадан қажетті барлық мәліметтер алу (қаулылар, өкімдер, бұйрықтар), методикалық, нормативтік және басқа да қажетті материалдар; 3) қызметтік міндетті атқару мақсатында техникалық қажеттіліктерге тапсырыс беру мен алу (компьютер, байланыс құралдары, т.б.); 4) бөлім құзіретіне қатысты мәселелер бойынша жиналыстар мен семинарларға қатысу; 5) бөлім құзіретіне қатысты мәселелер бойынша басқарма басшыларына жоспарлар әзірлеу, ұсыныстар беру; 6) әлеуметтік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарды мен регламентерін басшылыққа алу; 7) Басқарма ұйымдастырған видеоконференция, жиналыс, семинар, дөнгелек үстел, жұмыс тобының комиссиясына қатысу; 8) басқарма басшысының бұйрықтары мен хаттамалық тапсырмаларын орындау; 9) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңнамасын және қызметтік этика нормасын сақтау; 10) бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін белгіленген тәртіппен, дер кезінде қарап, оларға тиісінше хабарлама беру; 11) бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді сапалы және уақтылы орындау; 12) сұратылған мәліметтер мен есептерді сапалы және уақтылы орындау; 13) бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындау құқығы қызметтік нұсқаулық негізінде басшы пен мамандарға жүктеледі. 3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру: 1. Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, Заң актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген құзіретке ие. 2. Бөлімді бөлім басшысы басқарады, бөлім басшысы Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген тәртіппен тағайындалып, босатылады. 3. Бөлім басқарма басшысына және бөлімге жетекшілік ететін басқарма басшысының орынбасарына бағынады. 4. Бөлім басшысы бөлімнің жалпы жұмысына басшылық етеді және бөлімге жүктелген міндеттің орындалуына жеке жауап береді. 5. Бөлім басшысы штаттық кесте мен құрылымы бойынша басқарма басшысына ұсыныс береді. 6. Бұл мақсатта бөлім басшысы: 1) мамандардың міндеттері мен құзіреттерін анықтайды; 2) заңдар мен Қазақстан Республикасы Президенті актілері негізінде басқа да міндеттерді атқарады. 7. Бөлім құзіреті шегінде бөлімнен шығатын құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның орнына қол қоюға құзіреті бар қызметкер қол қояды. 8. Бөлімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік тілде мекеме атауы жазылған өзіндік мөрі мен штампы бар. 9. Бөлімнің орналасқан мекен жайы: Алматы қаласы, 3 ы.а, үй 41В.