Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



«Дипломмен ауылға!» жобасы


2009 жылдың шілдесінен бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық  партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының іске асыруымен «Дипломмен ауылға!» жобасы қолға алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің бақылауындағы жоба жастарды жұмыс өтілін ауылдан бастауға шақырады.
Жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының «ауылдық аймақ тұрғындарының әлеуметтік сала қызметкерлеріне жағдай жасап, әлеуметтік қолғабыс көрсету» Заңын іске асыру.
         Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігімен, серіктес-ұйымдастырушы «Жас Отан» ЖҚ-мен, Қазақстан Ауыл жастары кеңесімен және Қазақстан студенттер Альянсымен біріге отырып өткізілуде. Жобаны ұйымдастыруышылар ақпаратты барлық БАҚ өкілдері арқылы жұртшылыққа танытуда: газеттерде мақала мен сұхбаттар басылуда, қазіргі уақытта республикалық каналдарда көрініс тауып жатқан видеоролик түсірілді, Ауыл шаруашылық министрлігі мен «Нұр Отан» ХДП-ның сайттарына орналастырылды.
Заңды насихаттау және әлеуметтік қолғабысқа ие болу жолдарын халыққа түсіндіру мақсатымен «Жас Отан» ЖҚ-ның аймақтық филиалдары тарапынан консультациялар өткізіліп, жастарды ауылға барып қызмет етуге шақыратын іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ауылға баратын жастарға, 70 айлық есеп-айырысу көрсеткіші (90 мыңға жуық тенге) көлемінде жоғарылатылған жәрдемақы төленіп, баспана алуға кредитке жеңілдік, және айлығына 25 %  үстемелетіп төлеу жолдары қарастырылған.
         Жоба «Жас Отан» жастар қанатының күшімен ҚР бойынша барлық аймақтарында іске асуда. Қазіргі таңда ақпарат ауқымын кеңейту және жастарды тарту үшін қызығушылық танытқан органдар қызметіне үйлестіру,  Мәдениен және ақпарат министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Жас Отан» ЖҚ-ы және Қазақстан Ауыл жастары кеңесімен біріге отырып  жүзеге асырылатын Медиа-жоспар қарастырылған.


Елбасы жас педагогтарға ауылға баруға 
кеңес берді 

Соңғы сегіз жылда біз елде 616 мектеп салдық. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 13 қазан күні Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» тақырыбындағы оқыған дәрісінде айтты, деп Қазақпарат хабарлайды.
«Мен жас педагогтердің ауылдарға баруына кеңес беремін. Біз қалалық мектептен артта қалуды, соның ішінде қашықтан оқыту әдістемесі есебінен еңсеруіміз қажет», - деді Мемлекет басшысы.
«Біз алдағы жылдарда білім беру жүйесіндегі серпінді жүзеге асыруға батыл қадам жасауға ниеттіміз. Ғылым инновациялық экономиканың негізі болуға тиіс. 90-ыншы жылдарда біздің институттар ауыр жағдайда қалды.  2000 жылдан бастап жағдайды түзете бастадық. Соңғы бес жылда қиындықтарға қарамастан, қазақстандық ғылымды қаржыландыру төрт есеге дерлік өсіп, ағымдағы жылы 18,5 млрд. теңгеге жетті. 2012 жылға дейінгі ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осының арқасында Қазақстан инновациялық даму индексі бойынша жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде өз орнын 13 сатыға жоғарылатты», - деп атап өтті Президент.
Н.Назарбаев басқарудың моделін өзгертумен қатар, ғалымдар да өз қызметіне көзқарасын өзгертулері тиіс, деп атап көрсетті.

 

ҚазҰАУ студенттері мен ұстаздары Парламент сенаторымен кездесті

 Алматыда ҚР Парламенті сенаторы Байгелді Өмірбек Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің студенттері және ұстаздарымен кездесті,деп хабарлайды ҚазАқпарат 12 қазан күні, оқу мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу ҚазҰАУ-нің 80 жылдығын тойлау себебіне орай өтті. Осы оқу орнын 1965 жылы бітірген сенатор студенттерге өзінің студенттік өмірін айтып, мемлекеттік және қоғам жұмыстары жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Дипломды  мамандардың  ауылға  баруы  қажеттігі  туралы  ақыл-кеңесін  берді.

Сенатор ҚазҰАУ-нің түлектер қауымдастығы жұмысына, сондай-ақ университеттің мерейтойына  байланысты басқа да шараларға  қатысуына шақырту алды.

 

Н. Назарбаев: Қазақстанға интелектуалдық революция қажет

 Таланттарды тауып,  оқыту керек. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары мен студенттер қауымының алдында 13 қазан күні оқыған дәрісінде  осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға интелектуалдық  революция қажет. Биыл Астанада, Семейде алғашқы интеллектуалдық мектептер ашылды. 2011 жылы мұндай мектептер еліміздің барлық  аймағында болады. Олардың міндеті - талантты балаларды тауып, мақсатты түрде оқыту, одан  үлкен үміт күтемін. Талантты ауылдан іздеу керек», деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Президенттің айтуынша, 2010 жылы Астанада халықаралық жаңа университет ашылмақ. Әлемдік деңгейдегі бұл оқу орны инженерлік-техникалық кадрларды әзірлейтін болады. Оған дүниежүзінің  түкпір-түкпірінен  оқытушы-ғалымдар шақырылмақ.

«Ғылым инновациялық экономиканың негізі болу керек. Соңғы 5 жылда Қазақстанда ғылымды  қаржыландыру 4 есе өсті. Ғылымды дамытудың 2012 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соның арқасында Қазақстан инновациялық даму индексінде ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингін 13 позицияға жақсартты», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз дәрісінде.

 

Елбасының білім сапасын жақсартып,студенттердің жоғары деңгейде білім алуларына көңіл бөлу керек дегенін дұрыс деп есептеймін - ғалым пікірі

 Елбасының бүгінгі, қазанның 13-і күні, сөзіндегі  білім сапасына көңіл бөлу керек, жастардың бәрін ауылға қарай бағыттау қажет деген пікірін өте дұрыс деп санаймын.

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Экономика, есеп және туризм кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Шуақбай Заманбеков осылай айтты.

 «Бүгінгі дәрісінде Елбасы  білім, ғылым мәселесінде оқу орындарының алатын ролін өте жақсы атап өтті. Президенттің білім сапасын жақсартып, студенттердің жоғары деңгейде білім алуларына көңіл бөлу керек дегенін дұрыс деп есептеймін. Біз де өз тарапымыздан мамандарды дайындауда білім сапасына өте үлкен көңіл бөлеміз. Біздің институтымыз 49 мамандыққа, оның ішінде педагогикалық мамандықтарға өте көп көңіл бөлетін, Қазақстан Республикасында, әсіресе ауылдарға маман дайындайтын, жалғыз қыз балаларды дайындайтын оқу орны болып есептеледі. Біздің оқу орнынан жылына  3 мыңнан аса  студенттер бітіріп шығады, сыртқы, ішкі бөлімі бар. Білім алып  шыққан түлектердің 90 пайызы  ауылда қызмет етіп жатыр. Елбасының жастардың  ауылда жұмыс істеуі керек деген пікіріне, идеясына қолдау білдіремін, дұрыс деп санаймын», дейді ғалым.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Елбасының жыл сайынғы Жолдауына айрықша мән береді. «Жолдауды әрқашан талдап, студенттерге жеткізіп отырамыз. Өзекті мәселелерді, әсіресе мына жоғары оқу орындарына, педагогикалық мәселелерге байланысты проблемаларды дер кезінде жеткізіп отырамыз. Бүгін біздің  ұжым - ұстаздар, студенттер барлығымыз Елбасының Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің мәжіліс залында оқыған дәрісін тікелей эфирден тыңдадық. Енді ары қарай өзара талдап, саралаймыз, ой-пікірімізді жеткіземіз деп ойлаймын», дейді Ш.Заманбеков.

Осы университеттің филология факультетінің 3-курс студенті, Президенттік шәкіртақы иегері Самархан Санақжанның айтуынша, Мемлекет басшысының бүгінгі дәрісі жастар көңілінен шыққан.

«Бүгін біз институттың мәжіліс залында Елбасының тікелей эфирден айтқан сөзін тыңдадық. Бұл дәріс - Мемлекет басшысының жастарға арнаған саясаты деген пікірдемін. Президенттің кез келген саясаты жастар үшін, студенттер үшін, біз үшін өте қажет деп ойлаймын. Елбасы жастарға сенім артса, біз Елбасыға сенім артамыз. Елбасы қандай саясатпен жүрсе, біз сондай саясатпен жүреміз. Біз Елбасыға қарап бой түзейміз», дейді студент.  

Елбасы дәрісіндегі «инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырып жайдан-жай емес -Ғанижамал Рсалдина

 Елбасы  дәрісіндегі  «инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырып жайдан-жай емес.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қазанның 13-і күні берген сұхбатында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің  философия, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті Ғанижамал Рсалдина айтты.

«Мемлекет басшысының дәрісін 50 мыңдық аудитория тыңдап отырса, соның 1500-і - біздің университеттің студенттері мен оқытушылары.  Президентіміз осыдан 3 жыл бұрын Еуразия университетінің студенттеріне оқыған дәрісінен кейен туған  ойдың жалғасын бүгін жұртшылыққа жеткізіп отыр деп есептеймін. Елбасы дәрісіндегі  «инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырып жайдан-жай емес. Өйткені бүгінгі әлемдік дағдарыстан білімді, экономиканы оңдамай шығу  қиын екеніне көзіміз жетіп отыр.  Сонымен қатар, Елбасы бақытқа жетудің оннан тоғызы денсаулыққа байланысты екенін де айтып өтті. Тек денсаулығы мықты, көкірегі ояу, білімді әрі бәсекеге қабілетті жастар алдына қойған мақсатына жетеді дейді. Біздің жас мамандар келешегіміздің жарқын болуына өз үлестерін қосады деген ойдамын. Сондай-ақ бүгінгі дәрісті тыңдаған жұртшылық, көкейінде жүрген көптеген сауалдарына жауап та тапты», дейді ол.

Осы оқу орнының емдеу ісі факультетінің 4 курс студенті, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Назым Сауықбаеваның айтуынша, жастардың бүгінгі дәрістен алары көп. «Бүгінгі  ҚазҰУ қабырғасында оқыған Елбасымыздың дәрістерінен алатын тәліміміз көп. Ол кісінің айтуы бойынша, қазіргі  әлемде болып жатқан дағдарыс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Негізгі мақсат-мүддеміз - осы дағдарыстан шығу. Біз өз тарапымыздан С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері, болашақтың кілті біздің қолымызда болуы себепті өркендеу, көркею  жолында бар күшімізді салып, аянбай еңбек ету - міндетіміз», дейді 4 курс студенті.

Бұдан былай ауылда жұмыс істеу беделді болмақ - ҚазҰАУ Жастар 

әкімшілігінің жетекшісі М.Сауранбаев

 Ауылдарға барған жастарға қолдау көрсету, жас мамандарға пайызсыз несиелер беру және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жастардың еңбекақысын көбейту – қазанның 14-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сөйлеген сөзінде осы мәселелерді қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент сөзі - алдарына өршіл талап қойып, нақты міндеттерді шешуге ұмтылған белсенді жастарға дайын іс-қимыл жоспары. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Жастар әкімшілігінің жетекшісі Мұрагер Сауранбаев әңгімеледі.

Оның пікірінше, Президенттің данышпандар ауылдарда дүниеге келеді, деген сөзінде үлкен философиялық түйін жатыр, жастар ауылдан қалаға немесе шетелге кетпеуі тиіс. «Ауылдарда оларға тұрақты жұмыс болады, лайықты еңбекақы берілмек, өз үйі болатын мүмкіндік бар, сөйтіп отбасын құрады. Осылайша, жоғары оқу орындарын бітіріп, диплом алған және оқуды бітіргеннен кейін көптеген проблемаларға кезігетін олар ауылдарда жұмыс істесе, біраз қиындықтарды тиімді шеше алады», - деді М.Сауранбаев. Ол енді ауылда жұмыс істеу, өмір сүру беделді болмақ, деп қосты. Соңғы жылдары мемлекет бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізуде.