Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы туралы мәлімет


«Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығы»

КММ

Құрылу жылы:   2005 жыл

Мекен – жайы:    Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 5 ықшам ауданы, 19а   үй

Ғимараттың жалпы ауданы: 284,6 ш.м.

Басшы:Закирбаева Лязат Нурхаметовна

ӘММ жобалық қуаты: 300 қызмет алушы

Қызмет түрі: Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай

стационарлық және үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Қызмет алушылардың санаты: тірек – қимыл аппраты бұзылған және

психоневрологиялық ауытқулары бар балалар және 18 жастан асқан азаматтар

Қызметкерлердің штаттық саны:104,5 бірлік

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат  басқармасының «Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығы» КММ заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес медициналық - әлеуметтік мекеме болып табылады. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны негізінде құрылған. 
        Мүмкіндігі шектеулі жандарға тәуліктің күндізгі уақытында  немесе уақытша болуына арналған  жартылай стационарлық үлгідегі бөлімше және арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсету бөлімшелері қызмет атқарады. 

      Арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін 3 бөлімше үй жағдайында көрсетеді және бір бөлімшекүндізг жартылай стационарлық үлгіде көрсетеді

       Орталықта қызмет алушыларға тегін уқалау, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға әртүрлі қызметтер спектрі бойынша оңалту және бейімдеу тәрізді қызмет түрлерін - орталықтың психолог, логопед, дефектолог, мейірбике, дәрігер-невропатолог, дәрігер-педиатр, дәрігер- терапевт, дәрігер психиатр, еңбек жөніндегі нұсқаушы және емдік дене шынықтыру мамандары көрсетеді.Кешенді көмек ұйымдастыру әрбір баланың жеке тұлғасының қалыптасуына   бағдарланған.

Күндізгі жартылай стационарлық үлгідегі бөлімше 2011 жылдың мамыр айынан бастап ашылды. Бөлімше ашылған күннен бастап мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған сенсорлық бөлме,   дәрігер бөлмесі, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бөлмелері ашылды. Күндізгі жартылай стационарлық үлгідегі бөлімшеде тегін уқалау, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға әртүрлі қызметтер спектрі бойынша оңалту және бейімдеу сияқты қызмет түрлерін - орталықтың психолог, логопед, дефектолог, мейірбике, дәрігер-невропатолог, дәрігер-педиатр, дәрігер- терапевт, дәрігер психиатр, еңбек жөніндегі нұсқаушы және емдік дене шынықтыру мамандары көрсетеді.Кешенді көмек ұйымдастыру әрбір баланың жеке тұлғасының қалыптасуына   бағдарланған. Көрсетілетін сабақ түрлері: жеке және топтық сабақтар. Ата – аналарға мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасаудың әдіс –тәсілдері мен үй жағдайында жұмыс жүргізу жайлы кеңестер беріледі.Арнайы маман құрамдастырылған сипат арқылы сабақ жүргізіп, баланың деңгейіне қарай жұмыс барысын жеңіл тәсіл арқылы басқа қызмет түріне ауыстырады. Баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, оқу процессі ойын түрінде жүргізіледі. Ем-шара кабинеті, ЕДШ кабинеті, психолог кабинеті, сенсорлық бөлме, логопед кабинеті, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті, дефектолог кабинеті, еңбекпен емдеу және дәрігер бөлмелері заманауи құрылғылармен жабдықталған. Орталықта түрлі іс-шараларға арнайы семинарлар, дөңгелек үстелдер, ата-аналармен тренингтер, қызмет алушылардың қолымен жасаған жұмыстарына көрме жұмыстары ұйымдастырылады. Балалар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үй жағдайында қызмет көрсету Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Стандартқа сәйкес ұсынылады.

      Үйде қызмет көрсетін әрбір маманға 5 бала немесе 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азамат бекітіледі.

       Мамандар ата-аналарға балалар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтармен үйде жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, оңалту іс-шараларды жүргізуді, баланы қоғамға дұрыс бейімдеуді үйретеді. Сонымен қатар маман жанұяның моральдік-психологиялық ахуалын зерттеп, ата-ана мен отбасы мүшелерінің мүгедек балаға деген көзқарасын өзгертуге және жақсартуға жәрдемдеседі. Әлеуметтік қызметкер балалардың оқуын ұйымдастырады, және бос уақытын тиімді пайдалануға жәрдемдесіп, олармен бірге саябақтарға, медициналық мекемелерге барып, қаланың мекемелерінде отбасының түрлі мәселелерін шешуге көмектеседі.

       26.03.2015 жылғы №165 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай    стационарлық және үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес, арнайы мамандар қызмет алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік – мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-эканомикалық, және әлеуметтік еңбек қызмет түрлерін ұсынады.

Біздің мекенжайымыз:
       Алматы қаласы, № 5 ықшам аудан, 19 "А" үй.
       Байланыс телефоны: : 249-32-05, 249-34-73
       Факс:249-34-74, 249-32-35
        E-mail: center_19a@mail.ru