Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ


Алматы қаласының аудандық жұмыспен қамту орталықтарының және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің

МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

Аудандар атауы

Мекенжайы

Телефон

Алатау

Жұмыспен қамту орталығы

Шаңырақ-2 ш.а.,

Жанқожа батыр к., 26

393-91-20

Бөлім

395-36-05

Алмалы

Жұмыспен қамту орталығы

Мақатаев к., 117, Б корпусы,Масанчи к. қиылысы

(қызмет көрсету залы)

385-10-66

385-40-33

Бөлім

Сейфуллин к., 577, Шевченко к. қиылысы

272-86-84

Әуезов

Жұмыспен қамту орталығы

3-ш.а.,  41-в үй

276-09-58

Бөлім

277-48-83

Бостандық

Жұмыспен қамту орталығы

Жандосов к., 2, Байзақов к. қиылысы

392-15-80

Бөлім

392-24-13

Жетісу

Жұмыспен қамту орталығы

Мақатаев к., 142/8, Сейфуллин д. қиылысы

233-50-39

Бөлім

279-54-50

Медеу

Жұмыспен қамту орталығы

Төле би к., 12, Қалдаяқов к. қиылысы

291-75-04

Бөлім

291-06-65

Наурызбай

Жұмыспен қамту орталығы

Таусамалы ш.а., Қонаев к., 1-а үй

279-43-83

Бөлім

Қалқаман ш.а., 24

309-81-87

Түрксіб

Жұмыспен қамту орталығы

Рихард Зорге к., 18

223-68-17

Бөлім

223-68-05

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ


 

Алматы қаласының тұрғындарына арналғанЖАДЫНАМА

- АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ

- «ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ

2017 жыл

 

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа нұсқасы (АӘК)

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап үш түрлі әлеуметтік көмек (төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмек) бірыңғай атаулы әлеуметтік көмектің жаңа нұсқасы болып қайта құрылады (бұдан әрі – АӘК).

АӘК жаңа нұсқасыжан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға (отбасыларға) еңбекке қабілетті отбасы мүшелері міндетті жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана ақшалай көмек көрсетіледі жәнеол 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты атаулы әлеуметтік көмек.

шартсыз атаулы әлеуметтік көмек – объективті себептер бойынша кірістер алуға мүмкіндігі жоқ азаматтар мен отбасылардың жекелеген санаттары үшін;

шартты атаулы көмек – аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға)еңбекке қабілетті жұмыссыздар жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда олардың нақты мұқтаждығын ескере отырыпжәне тараптардың «өзара міндеттемелеріне» негізделеді (әлеуметтік келісімшарт жүйесі).

Сонымен қатар, кедейлік шегі 40% - дан 50 %-ға артады, ол АӘК көрсетудің мөлшерінің ұлғаюына алып келеді.

Қазіргі уақытта осы әдістер пилоттық режимде «Өрлеу» жобасында жүзеге асырылуда.

 «Өрлеу» жобасы деген не?

Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісімшарт жасасу арқылы мемлекеттік шартты ақшалай көмек көрсету бағдарламасы (ШАК) – бағдарламаның шарттарын орындауға міндеттенген айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен отбасығаеңбекке қабілетті жұмыссыздар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда (кәсіби оқыту, қайта оқыту, жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы) әлеуметтік көмек көрсетілетін пилоттық жоба.

2016 жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысунәтижесінде отбасылардың орта есеппен алғандағытабысы 3,4 есеге артты (36 149 теңгеден 120 862 теңгеге дейін).

Жобаға кімдер қатыса алады?

«Өрлеу» жобасына орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын отбасылар (азаматтар), егер еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына белсенді түрде қатысқан жағдайда қатысуға құқылы.

Жобаға қатысу маған не бере алады?

«Өрлеу» жобасы ай сайынғы төлем түрінде шартты ақшалай көмек көрсетумен қатар, бірнеше мүмкіндіктер ұсынады:

*жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге;

*мамандық алуға, қосымша мамандық алу үшін қайта даярлықтан өтуге;

*қажет болған жағдайда отбасының әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды көздейді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы жөнінде толық мәліметті Алматы қаласының аудандық жұмыспен қамту орталықтарында немесе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде алуға болады (мекенжайлары келесі бетте).