Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Қазақстан жазушылары кітапханасы


Қазақстан  жазушылары  кітапханасы  
   
Қазақстан жазушылар кітапханасы 1965 жылы Алматы  қаласы  Орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесінің  № 13  аудандық көпшілік  кітапханасы болып   құрылған. 

2000 жылы « Мәдинетті  қолдау  жылы»   Алматы қаласы әкімінің шешімімен  кітапхана  «Қазақстан  жазушылары  кітапханасы» деп аталды. 

Қазақстан жазушылары кітапханасы ақын-жазушылар мен зиялы қауымның және оқырмандардың рухани байланыс орталығы болып табылады. 

Жылына кітапханаға  43 000 - нан аса  оқырмандар  келіп, 130 000 – нан астам  дана кітап беріледі. 7200 - ден  аса  жаңа оқырмандар жазылады.

Әртүрлі білім саласындағы  қазақ және орыс тілінде  55 000 - нан астам кітап қоры бар: оқу құралдары,  энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және оқырмандарға әртүрлі   жанрдағы көркем әдибеттер, тарихи, таңғажайып детективтер, шытырман оқиғалы әдибеттерден  құрылған. 

Қазақстан және Ресей баспаларының қазақ-орыс тіліндегі мерзімді басылымдарын ( газет-журнал) жаздырып алады. 

Кітапхана  құрылымы : Оқу залы, абонемент  және балалар бөлімі оқырмандарға кітапханалық  қызмет көрсетеді. 

Оқырмандар қажетті мағлұматтарды табуға  арналған  көмекші құралдар:  алфавиттік және жүйелік каталогтар, Алматы өлкетану каталогі, мақалалар жүйелік картотекасы  пайдаланылады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға библиографиялық ақыл-кеңес және ауызша, жазбаша көмек көрсетеді. 

Кітапханада әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізеді:  кітап көрмелері, әдеби –музыкалық кездесулер, оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, пікір алмасу, әңгіме, лекциялар, әдебиеттерге шолу, ойын, ертеңгіліктер, экскурсия т. б. 

Кітапханада   компьютер бар  және көшірмелік қызмет көрсетеді. 

Оқырмандар  кітапханаға  жеке куәлігі және тұратын  орнын растайтын құжатпен  жазылады.  

Абономент залында оқырмандарға әдебиеттерді  үйіне алып  оқуына  15 күнге беріледі.
 

            Кітапхананың  жұмыс уақыты :
  
Сағат 10.00-нан  19.00 –ге дейін. 
Сенбі күні  сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін. 
Демалыс күні – жексенбі. 
Әр айдың соңғы бейсенбі күні – тазалық  күні.

Кітапхананың мекен - жайы:  Алтынсарин даңғылы,  №37 үй,  Жандосов көшесінің қиылысы.   Тел .: 228-03-77, 228-14-66.