2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



1) АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ « №11 БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІ»


Алматы қаласының « №11 Балалар музыка мектебі» Балаларға қосымша білім беру мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050031, Алматы қ., Әуэзов ауданы, 3-ықшамауданы, 53 Телефон/факс 8(727)276-01-80 E-mail: bulbul_11dmsh@mail.ru Мектеп 1973 жылы құрылып, өзі қызмет етіп келе жатқан осы жылдар ішінде Алматы қаласы мен Әуезов ауданының мәдени өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналды, туған өлке мәдениетінің озық дәстүрлерін сақтап, дамытуға атсалысып келеді. Мектептің атқаратын қызметі балалар мен ересектердің достық қарым-қатынасына негізделе отырып, қосымша білім беруге бағытталған, ортақ мүдде мен бірлескен әрекетке топтастырылған шығармашылық сипатқа ие. Музыка арқылы біз әр баланың бірегейлігі мен қайталанбас дарынын аша отырып, өмірден өз орнын табуға бағыттаймыз. Мектеп оқушылардың музыкалық-көркемдік, адамгершілік, әлеуметтік жағынан жақсы дамуы үшін бар күш-жігерін салады. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде дамуы үшін, өзінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қанағаттандыру үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған. Біз тәрбиеленушілерімізге толыққанды, сапалы музыкалық білім беруге, мектепте білім алуға ыңғайлы жағдай жасауға тырысамыз. Біздің мектебімізде өз ісін жанындай жақсы көретін білгір мамандар, кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыратын білікті оқытушылар жұмыс істейді. №11 БММ МКҚК-да оқыту процесі білім алушылар мен ата-аналардың қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға бағытталып, оқушыны алдағы уақытта алатын мамандығына дайындайтын және жалпы жан-жақты дамытатын білім беру бағдарламаларына негізделген. Біздің оқушылар әртүрлі шығармашылық фестивальдар мен конкурстарға тұрақты қатысып отырады. Ең ынталы және алдына мақсат қойған оқушылар халықаралық, республикалық және қалалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Мектепте 4 бөлімше бар: фортепиано, ішекті (скрипка), халық (домбыра, прима қобыз,қыл қобыз) және үрлемелі (саксофон,кларнет,флейта). Мектеп осы уақытқа дейін 2240 түлекке білім беріп ұшырды. №11 БММ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ШАРТТАРЫ №11 БММ қабылдау комиссиясы балалардың құжаттарын қабылдауды және мектепке қабылдауды ұйымдастырады. Оқуға түсушілер ата-аналарының өтініші бойынша мектепке қабылданады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06.2019 ж. бастап 10.08.2019 ж. дейін. Құжаттар күн сайын 10:00-ден 15:00-ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс: 13: 00-14:00. Демалыс: сенбі-жексенбі. Балаларды мектепке қабылдау іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады