Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Би спортының федерациясы


Алматы қаласы би спортының Федерациясы

Алматы қаласы би спортының Федерациясы 2004 жылдың 23 ақпанындағы ынталы топтарының  құрылтай шешімімен құрылған (Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу туралы куәлігі №61302-1910-00, сериясы В №0088944).

Алматы қаласы би спорты Федерациясы федерация Президенті Г.Д.Зайдентрумфтың тұрғылықты жері №10 ықшам аудан, №21 үй, №2 пәтер бойынша тіркелген. Алматы қаласы би спортының Федерациясы 26.02.2004 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша салық төлеушілер мемлекеттік тіркелуінен өтті, СТН- 600300518265.

“Алматы қаласы би спортының Федерациясы” қоғамдық бірлестігі негізгі қағидалары: салауатты өмір салтының құралы- би спортын дамыту, спорт шеберлігін арттыру, қалалық, республикалық, Ұлттық олимпиада комитетінің, Қазақстан Республикасы би спортының Федерациясы спорттық ұйымдармен федерацияның  іс-әрекет координациялары болып табылатын, құрылтайда қабылданған Жарғыға сәйкес өз қызметін жүзеге асыра алады.

Жарғыға сәйкес, Федерацияда мүшелік жекеленген. Спорттық бимен айналысушы немесе әуестенуші Алматы қаласының кез келген тұрғыны, Қазақстан немесе басқа елдің кез келген азаматы  Алматы би спорты Федерациясының мүшесі бола алады. Федерация мүшелері- спортшылар- Федерацияда құрылымдық бөлімше ретінде тіркелген, клубтарға, студияларға, ансамбльдерге қосыла алады. Қазіргі таңда Федерацияның 160 мүшесін қосып, Алматы қаласының әр ауданында өз қызметін іске асырушы 9 құрылымдық бөлімше тіркелген («Alma - dance» Би спорт клубы, «Маgiс danсе» би спорт студиясы, «Альянс» Би спорт клубы, «Танго», би спорт студиясы «Вдохновение» Би спорт клубы, Ансамбль «Кербез», «Классик» би спорт студиясы, «Бест» би спорт студиясы, «Фиеста» Би спорт клубы).

Федерацияның тікелей басшылығы Алматы қалалық би спорты Федерациясының Президиумін іске асырады. Президиумге барлық құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Президент, Вице-президент, сот ұжымының төрағалары кіреді.

Әр құрылымдық бөлімше Алматы қалалық би спорты Федерациясының Президиумінің басшылығымен, жыл сайын әртүрлі дәрежеде жарыстар өткізеді. Дәрежелерге байланысты жарыстың кестесі Қазақстан Республикасы би спортының Федерациясында, Алматы қалалық әкімшілігіндегі денешынықтыру және спорт басқармасында, Қазақстан Республикасы туризм және спорт жөніндегі Агенттігінде, Халықаралық спорттық билер Федерациясында бекітіледі (IDSF). 
Спортшылар- Федерация мүшелері, қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келген, әр түрлі жас дәрежесіндегі тұрақты қатысушылары болып табылады.  Алматы қалалық би спорт Федерациясының жүлдегерлері мыналар: 
                       
2004 жыл
 
1.Қазақстан Республикасының «Молодёжъ» дәрежесіндегі чемпионы- Мальцев Борис және Ключникова Елена; 
2.Испания және Эстониядағы әлемдік Чемпионаттың жартылай финалистері- Мальцев Борис және Ключникова Елена.

2005 жыл

«Юниоры - 2» дәрежесі 
Өзбекістанның ашық Чемпионатының чемпиондары- Даузе Роман және Печеник Екатерина.

«Ювеналы - 1» дәрежесі 
 Қазақстан Республикасы Чемпионатының Күміс жүлдегерлері- Шафиев Равилъ және Печеник Вика.

“Молодежь” дәрежесі 
Бірінші Азия ойындарының жабық орындарындағы Күміс жүлдегерлері- Мальцев Борис және Ключникова Елена.

2006 жыл
  1. Қазақстан Республикасы Чемпионатының (Ювеналы - 1) қола жүлдегерлері- Ильченко Максим және Кемелова Аида.
  2. Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегерлері, Италия Ашық Чемпионатының (Аласио) қола жүлдегерлері- Шафиев Равиль - Печеник Виктория.
  3. Еуроапалық бағдарламадағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының (Юниоры - 2 ) күміс жүлдегері, Әлем Чемпионатының (Латвия, Рига)  қатысушылары- Хасан Али және Бондарева Александра.
  4. Қазақстан Республикасы Чемпионатының (Молодежь) күміс жүлдегерлері, Италия Ашық Чемпионатының (Аласио) финалистері- Калматаев Ахмет және Иволгина Христина.
  5. Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегерлері, Италия және Дания Ашық Чемпионатының финалистері- Даузе Роман и Печеник Екатерина.
  6. Еуропалық бағдарламадағы және 10 Би бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Чемпиондары (Ересектер)- Плохих Евгений және Ключникова Елена.
  7. Латиноамерикалық бағдарламадағы Қазақстан Республикасының Чемпиондары (Ересектер), VII Бүкіл Ресейлік Универсиадалар (Томск) Чемпиондары, Тынықмұхиты және Азиаттық аймақтағы Чемпионатының финалистері- Мальцев Борис және ­Шамсутдинова Зарина.

2007 жыл

  1. Латиноамерикалық би бойынша Азия Чемпиондары- Мальцев Борис және Шамсутдинова Зарина.
  2. Еуропалық бағдарлама бойынша Азия Чемпионатының күміс жүлдегерлері- Плохих Евгений және Ключникова Елена.
  3. Еуропалық бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатының (Молодёжь) күміс жүлдегерлері- Даузе Роман және Печеник Екатерина.
  4. 10 би бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатының (Молодёжь) қола жүлдегерлері- Калматаев Ахмет және Иволгина Христина.
Федерация өз мүшелігінің спорт шеберлігімен  үнемі айналысып отырады, шығармашылық жиындар, семинарлар, жетекші педагогтармен- әлемдік жаттықтырушылармен мастер-класстар жиі өткізіліп тұрады. Қазіргі кезде Федерацияда жоғарғы би дәрежесінде 10 спортшы бар: «S» санатында- 4 спортшы, «А» санатында- 6 спортшы бар. 
Федерация ішінде беделді төрешілер ұжымы бар.  Алматы қаласы би спорт Федерациясының төрешілер ұжымының мүшелері әртүрлі дәрежедегі жарыстарда  жұмыс істейді. Қазіргі кезде Алматы қаласы би спорт Федерациясының  төрешілер ұжымында-9 төреші бар, Республикалық дәрежелері барлар: 1 төреші Жоғары дәрежелі, 2 төреші 1-ші дәрежеде, 4 төреші 2-ші дәрежелі, 2 төреші 3 дәрежелі.

Жыл сайын Федерация өзінің дәстүрлі турнирлерін өткізеді:

1.Халықаралық- «Весеннее Танго»;
2.Алматы қалалық би спорт Федерациясының Ашық Біріншілігі-«Вальс осени», «Love stori»;
3.Халықаралық (Халықаралық би күніне арналған)  «Miras Cup»; 
4. Ашық клубы- «Alma Dance» - «Большие надежды».
Өзіне көпшіліктің назарын аударту мақсатында, Алматы қалалық би спортының Федерациясы өз қызметі мен спортшыларының жетістіктерін үнемі Республикалық және қалалық БАҚ-ға хабарлап отырады.

Қазіргі уақытта, Алматы қалалық би спортының Федерациясы Макаодағы жабық орында болатын, екінші Азия ойындарына дайындық үстінде. Ұлттық Олимпиадалық комитет Федерация құрамындағы спорттық би командасына 4 жұпты қосты. Макаода біздің елімізді таныстыратындар: Плохих Евгений және Ключникова Елена, Мальцев Борис пен Шамсутдинова Зарина, Даузе Роман мен Печеник Екатерина, Калматаев Ахмет пен Иволгина Христина.