Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Алматы қаласының су бұрқақтары


 
Алматыда тарам-тарам арық желілерімен қоса субұрқақтардың да маңызы зор. Екеуі бірлесіп, қаланың су қоймалары мен су ағындысының кешенін құрайды. Олардың міндеттері – жаздың ыстығында жасыл желектерді суармалау және оларға қолайлы микроклимат жасау. Қазіргі таңда Алматыда бірнеше қалалық бағдарламалар бар. Олардың ішінде қалада 20-дан астам ағып жатқан өзендердің дамуына бағытталған «Алматы бұрқақтары» мен «Алматы өзендері» бағдарламалары да бар. 
Деректер
Алғашқы бұрқақ Алматыда 1948 жылы пайда болған.
Төлебаев көшесі Фонтанная деп аталған.
Қазіргі кезде (2007) Алматыда 125 бұрқақ пен бұрқақты топтар, оның ішінде 61-і жеке шаруашылық меншігінде.
ТМД елдеріндегі ең биік бұрқақ тарихи «Тастақ» ауданындағы диаметрі 10 сантиметр, су ағынының биіктігі 50 метрді құрайтын «Сайран» су қоймасында орналасқан субұрқақ.
2005 жылдан бері 25 мамыр Субұрқақтар күні деп аталып өтуде. Осы күні кешкі сағат 19-дан бастап Алматы қаласындағы барлық бұрқақтар жұмыс істей бастайды.
Субұрқақтар 25 мамырдан 15 қыркүйекке дейін, таңертеңгі сағат 10-нан, түнгі 2-ге дейін бірыңғай кесте бойынша жұмыс істейді.
  Медеу ауданы 
-         «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы;
-         «Политпросвещение» ғимаратының алдындағы субұрқақ;
-         Д. А. Қонаев атындағы субұрқақ;
-         «Қазақстан» қонақ үйінің (солтүстік-батысқа қараған) бұрқағы;
-         «Қазақстан» қонақ үйі алдындағы бұрқақ;
-         «Шығыс күнтізбесі» бұрқағы, Қазақстан Республикасы Ғылыми академиясы ғимаратының алдындағы бұрқақ (1979 ж.);
-         «Жетісу» бұрқағы;
-         Республика Сарайының ғимараты алдындағы бұрқақ;
-         Республика мұражайы ғимаратының алдындағы бұрқақ.
  Алмалы ауданы бойынша 
-         Абай атындағы театрдың алдындағы бұрқақ;
-         «Аққу» кафесінің алдындағы бұрқақ;
-         Неке Сарайы ғимаратының алдындағы бұрқақ;
-         М.Әуезов атындағы театрдың алдындағы бұрқақ;
-         Астана алаңындағы (шығыс беткейдегі) бұрқақ;
-         Астана алаңындағы (солтүстік беткейдегі) бұрқақ;
-         Ю. Лермонтев атындағы театрдың алдындағы бұрқақ;
-         Абай атындағы Опера және балет театрының алдындағы бұрқақ;
-         «Апталық» бұрқағы;
-         «Каскады-2» (батыс беткейдегі) Абай атындағы МАОБТ ғимараты алдындағы бұрқақ;
-         Ғ. Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған театры алдындағы бұрқақ.
  Әуезов ауданында
-         Н.Сац атындағы Орыс Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы  бұрқақ;
-         № 7 ҚКА ғимараты алдындағы (Қалқаман ықшамауданындағы, Райымбек көшесі бойында) бұрқақ;
-         АҚ «Есептегіш құрал орталығы» ғимараты алдындағы (Ы.Алтынсарин даңғылы) бұрқақ;
-         «Family» саябағындағы бұрқақ;
-         «Сары Арқа» кинотеатры алдындағы бұрқақ;
-         АҚ «САС» «Армада» сауда үйінің ғимараты алдындағы бұрқақ.
  Бостандық ауданы
Қазақстан Республикасы алаңындағы бұрқақ;
- К.Байсейітова көшесіндегі каскада бұрқағы; 
- Жамбыл атындағы бұрқақ;
- «Орбита-III» ықшам ауданындағы «Байқоңыр» кинотеатры алдындағы бұрқақ.
  Түркісіб ауданы
-         С.Сейфуллин атындағы «Табиғат» саябағындағы бұрқақ;
Түркісіб ауданы әкімшілігінің алдындағы бұрқақ.