Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Мәдениет және спорт
  • АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№3 КЕШЕНДІ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№3 КЕШЕНДІ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ


Алматы қаласы Әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі №2/147 Қаулысы негізінде "№7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК және "Қ. Байбулов атындағы №18 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" МКҚК біріктіру жолымен қайта Мектеп ұйымдастырылды». Алматы қаласы Спорт басқармасының «№3 Кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін 2018 жылғы 1 тамызынан бастады. Басшы-Таранов Владимир Вячеславович Мектеп қызметінің негізгі мәні Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағдарламасын орындау болып табылады. Мектеп өз қызметінде келесі міндеттерді шешуге арналған: - балалар, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтыру және спорт сабақтарына жаппай тарту; - балалар, жасөспірімдер және жастар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру; – спорт резервін дайындауды қамтамасыз ету, дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау, оларды спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға беру. "№3 КБЖСМ" МКҚК-да 13 қысқы спорт түрлері бар: - тұғырдан шаңғымен секіру - шаңғы қоссайысы - шаңғы жарысы - биатлон - тау шаңғы спорты - шаңғы биі - сноуборд - керлинг - коньки тебу спорты - шорт-трек - конькимен мәнерлеп сырғанау - допты хоккей /бенди/ - шайбалы хоккей Жаттықтырушы-оқытушылар құрамы: 65 адам Оның ішінде 62 жаттықтырушы-оқытушы жоғары дене шынықтыру білімі, 3 - арнаулы орта білімі бар. - жоғары біліктілік санатты - 11 адам - бірінші біліктілік санатты - 21 адам - екінші біліктілік санатты - 3 адам - ҚР СШ – 22 адам - ХДСШ – 10 адам 2019 жылғы 1 сәуіріне оқушы-спортшылардың саны - 1080 адамды құрайды. Оқу-жаттығу сабақтары өткізілетін қаланың қамтылатын аудандары: Бостандық ауданы /Тұңғыш Президент саябағы, "Сұңқар" ХТК/, Орталық стадион/, Медеу ауданы /№64 ЖББМ, №48 ЖББМ, №100 ЖББМ, "Шымбұлақ"/ , керлинг Қауымдастығы, Алмалы ауданы /№5 Лицей/, Жетісу ауданы /№74 ЖББМ /, Әуезов ауданы №9 ОРМБЖМ /спорт залы/, ICE-PRO /«Димаш» мұз айдыны/. Мектеп мекен жайы: Алматы қ., Әуезов ауданы, Ықылас көшесі, 8Г E-mail: kdyussh3@bk.ru Жұмыс телефоны: +7 727 293 60 34 + 7 727 293 60 92